Текст
12 тамызда "Шебер қолдар" үйірмесінде "Киіз үй"тақырыбында сабақ өтті. Балалар киіз үйдің құрамдас бөліктері: кереге, уық, шаңырақ туралы білді, киіз үйді, үйдің ішкі безендірілуін көрді. Сабақтың практикалық бөлімінде балаларға қағаздан киіз үй макетін өз бетінше жасау, оны Қазақ ұлттық ою-өрнегімен безендіру ұсынылды. Қайшымен және желіммен жұмыс істеу ережелері бойынша әңгіме жүргізілді. Жұмыс өте тартымды болды.
Бастауыш сынып мұғалімі Рыбинская М. П.