«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік

13.08.2020

Бүгінгі лингвистикалық алаңында балалар зат есім туралы түсінігін бекітіп, сөйлем ішінен зат есімді таба білу, зат есімнің жекеше және көпше түрі, жалпы және жалқы есім туралы алған білімін пысықтап, қайталады. Тілді оқыту барысында,балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек, сондықтан бүгінгі сабақта балалар зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері туралы әңгімелесіп, бір-біріне сұрақ қойып, сұрақтарына өздері қанағаттанатын жауап алды және зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі-көптік, жіктік, тәуелдік, септік категорияларының болатыны туралы кластер жасап қорғады.«Еркін жазу» стратегиясын қолданып «Заттың атын білдіретін сөздер қалай пайда болады деп ойлайсың?» деген сұраққа өз ойларын жазды. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту — оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. 

Лингвистикалық алаңының жетекшісі Қайрбекова К.Д.

Просмотров: 1214


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст