2020 жылғы 14 тамызда Атбасар ауданының физика, география, биология, информатика мұғалімдері арасында "Оқушылардың жаратылыстану және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту" тақырыбы бойынша курстар аяқталды. Курстың мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын (математикалық сауаттылық/жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) белсенді оқыту стратегиясына мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Курстың мазмұны педагогтарда мыналарды анықтады:
1. Функционалдық, өмірлік дағдылар түрінде білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағдарлана отырып, білім беру ұйымының әдіснамасын түсіну.
2. Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын (математикалық сауаттылық/жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) дамытуды қамтамасыз ететін білім беру мазмұнымен танысу.
3. Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын (математикалық сауаттылық/жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) дамытуды қамтамасыз ететін оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық негіздерін білу.
Сыныпта, оның ішінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын (математикалық сауаттылық/жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) дамытуды қамтамасыз ететін АКТ-технологиялар негізінде жұмыс істеудің нысандары мен тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру мұғалімдерге PISA-2021 тестілеуін тапсыру кезінде балалардың өмір талаптарына сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.Осылайша, мектепте алған білім, білік және дағды оларды адам қызметінің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін пайдалануға бағытталуы керек.
Даржанова А. О.