Бүгінгі лингвистикалық топтағы тақырыбымыз «Менің ермегім». Тақырып бойынша балаларға слайдтар көрсетіліп лексиканы қайталағаннан кейін, балалар сөзжұмбақ құрастыруға кірісті. Сөзжұмбақ құрастыру балаларға қиын болған жоқ, өйткені олар жұмысын лезде бітіріп,қорғап шықты. Грамматикалық тақырып бойынша зат есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы әңгімелестік. Балалар сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін естеріне түсіріп, зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш екенін, ал сөйлемде қандай сөзбен тіркесуіне, қай орында тұруына қарай анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш мүше де бола алатынын білді. Сергіту сәтінде «Сүйікті ісім» атты диалог құрастырып, оқып берді. Лингвистикалық алаңында бүгінгі күн де сәтті өтті деуге болады!
Лингвистикалық алаңының жетекшісі Кайрбекова К.Д.