Текст
Бүгінгі лингвистикалық алаңының тақырыбы «Мектеп саябағы». Осы тақырып бойынша лексикалық минимумды қайталағаннан кейін, балалардың тілін тез жаттықтыру және ой-өрісін дамыту үшін мектеп аймағына виртуалды экскурсия жасадық. Балалар мектеп туралы шағын әңгиме құрастырды. Өздері таңдаған сөйлемдегі зат есімдерге морфологиялық талдау жасады.Өткен тақырыптарды есіне түсіріп, көмекші есімдер негізгі есімдермен қалай байланысатынын, сөйлемде қалай қолданылатынын, негізгі есімдермен тіркесіп, көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқаратынын қайталады.
Лингвистикалық алаңының жетекшісі Кайрбекова К.Д.