«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар Абайдың «Жаз» деген атты өлеңімен танысты

19.08.2020

Қазақ  тілін үйренуге арналған лингвистикалық ауысымның сабақтары қашықтық форматында жалғасуда. Бүгін балалар қазақтың ұлы ақыны, Абайдың «Жаз» деген атты өлеңімен танысты. Сабақ басында балалар табиғат туралы видеоролик көріп, оның өздеріне қалай әсер еткенін және қандай көңіл-күймен сабаққа кіріскендерін айтты.  Абай- ақын, композитор, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Шын аты- ИбраҺим. Оны әжесі Зере еркелетіп Абай деп атаған. Абай 10 тамыз күні 1845 жылы қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Балалар Абайдың өмірбаянын оқып білгеннен кейін, «Желсіз түнде жарық - ай» әнін тыңдау арқылы сергіту сәтін жасады және жазғы табиғат құбылысына байланысты қимылдар орындады. «Жаз» деген өлеңін мәнерлеп оқып, талдады. Сабақ соғында жазғы ауа-райы туралы диалог құрастырды.

Лингвистикалық алаңының жетекшісі Кайрбекова К.Д.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст