"Прометей" аула клубында балалармен "ҚР Конституциясы - 25"әңгімесі өткізілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. 2020 жылы Қазақстан Конституциясына - 25 жыл.
Біздің еліміздің әрбір азаматының құқықтары мен міндеттері бар. Балалар әркімнің өмір сүруге, медициналық көмекке, жұмыс істеуге, мамандық таңдауға құқығы бар екенін тағы да еске алды.
Конституцияда құқықтар ғана емес, міндеттер де жазылған.
Әрбір азамат ҚР Конституциясын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті. Әңгіме суреттер көрмесімен қорытындыланды.
Шокаков К.К.