Бүгінгі лингвистикалық алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы әңгіме қозғадық. Мемлекеттің негізі – халық, ал халық бір заңға бағыну керек. Әрбір елдің, әр халқы бағынатын Конституциясы бар және сол Конституцияда әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы жазылған. Құқықтар мен міндеттер туралы жазылған Қазақстан Республикасында да Конституция бар, оны біз Қазақстан Республикасының Ата Заңы деп білеміз. Алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды, ал1995 жылы 30 тамызда республикада Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Осы мерекеге орай, балалар бұгін ZOOM платформасына шығып тәуелсіз еліміз, жеріміз туралы әр тілде жатқа өлең айтып, шағын конкурс ұйымдастырдық. Әрбір жағдайға байланысты ZOOM платформасына шыға алмаған балалар, өзінің мерекелік мектеп формасын киіп, WhatsApp мессенджері арқылы конкурсқа қатысты. Осылай салтанатты түрде біздің жазғы лингвистикалық ауысым аяқталып, өз мәресіне жетті. Алдағы уақытта балаларды қызықты мектеп өмірі қүтуде. Балаларымызға сәттілік пен ақ жол тілейміз!
Лингвистика алаңының жетекшісі Кайрбекова К.Д.