Текст
2020 жылдың 8 қыркүйегінде Zoom бағдарламасы арқылы 10 сыныпта "Жол - көлік жарақатының алдын алу" тақырыбында қашықтықтан оқыту форматында сынып сағаты өткізілді. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда байланыс өте маңызды. Сабақта балаларға жол жүру ережелері түсіндірілді. Балалық шақта бекітілген әдеттер өмір бойы сақталатыны белгілі. Мақсатымыз – бейкүнә балаларды жол оқиғасынан сақтау, қайғылы жайдың алдын алу. Бұдан ешкім тыс қалмауы керек. Қауіпсіз өмір сүру ережелерін сақтау балалар үшін де, ересектер үшін де саналы қажеттілік болуы керек.
Жол жүру ережелері бойынша викторина сұрақтарына жауап берді.
Сынып жетекшісі Тугова Л.А.