Үшінші аптада мектебіміздің орта және жоғары буын оқушылары қашықтықтан білім алуда. Бұл шаралар коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту үшін қажет. Балалардың сабақтары ONLAIN MEKTEP интернет-платформасында іске асырылады, ол стриминг режимінде сабақ өткізу үшін үлкен мүмкіндіктер береді, техникалық проблемалар туындаған және тікелей трансляция мүмкін болмаған жағдайда мұғалім асинхронды форматты пайдаланады. ONLAIN MEKTEP білім беру платформасында балалар сабақ тақырыбының теориялық бөлігін оқып, берілген тақырып бойынша бейнефрагментті көре алады, интерактивті жаттығуларды орындап, қажет болған жағдайда мұғалімге сұрақтар қоя алады. Қашықтықтан оқыту форматында балалар үшін сабақтарды ескере отырып, сабақ кестесін синхронды форматта сақтау және оқу күнін жоспарлау, материалдарды зерделеу және белгіленген кестеге сәйкес пәндер бойынша оқу тапсырмаларын орындау, жауаптарды ONLAIN MEKTEP Интернет – платформасының мүмкіндіктері арқылы бекіту, сынып жетекшісімен байланыста болу маңызды. Сонымен қатар, компьютерлік жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығына қатысты санитарлық нормаларды және интернетте қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін сақтауды ұмытпау керек.
Мұғалім: Мартин С. В.