Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған іс – шаралар жоспары аясында "Тіл-Шабыт бұлағы"тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқудың қашықтық байқауы өткізілді. Байқауға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Балалар мәнерлеп оқу конкурсына өте жауапкершілікпен дайындалды: өлеңдер таңдап, мәнерлеп оқу бойынша жұмыс істеді, өйткені жас қатысушылар "камераға"өлең оқуы керек еді. Байқауға поэзияны түсінетін және оны рухани күш пен ұлылық ретінде қабылдайтын балалар өздерінің бейне материалдарын жіберді. Айта кету керек, оқушылардың барлық қойылымдары көркем сөзге деген сүйіспеншілікке толы болды. Балалар өлеңдерді шабыттана оқыды, олардың әрқайсысы шағын спектакльде актер ретінде өнер көрсетті. "Тіл – Шабыт бұлағы" байқауында жеңімпаздар мен жеңілгендер жоқ, барлық қатысушылар мақтауға тұрарлық. Барлық қатысушылар құрмет грамоталарымен және естелік кәдесыйлармен марапатталады.
А. Щербак