«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Курс жаңалықтарынан

29.09.2020

21 қыркүйек пен 2 қараша аралығында облыс көлемінде орыс мектептірінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында БЖБ мен ТЖБ дайындаудан Педагогтардың Шеберлік Орталығы ұйымдастырған онлайн курс өтіп жатыр.Тренеріміз осы орталықтың  ұстазы-Мусина Айгүл Даулетжанызы-өте жанашыр, білімді,шеберлі маман.Күнделікті вебинар өткізіп, туындаған сұрақтарға нақты жауап қайтарып отырады. 

Курс бағдарламасы бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін қарастыруға және пән мұғалімдеріне бағалау құралдарын -  бағалау критерийлерін, тапсырмалар мен дескрипторларды, балл қою кестелерін әзірлеу және сараптама жасауда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Курстың мақсаты- орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасауда педагогтердің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.

       Курста оқу нәтижесінде Біз:

  • критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы білімімізді кеңейтеміз;
  • критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамалары туралы біліміміз мен түсінігімізді  кеңейтеміз;
  • бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және оларға дескрипторларды құрастыру бойынша өз тәжірибемізді дамытасыз;
  •  тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіресіз;
  • критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау және бағалау нәтижесін талдау әдістерін игересіз.

Вебинарда туындаған проблемаларды талқылап,  сұрақтар қоюға және тренерден кері байланыс алуға мүмкіндік туады.Сол сияқты Блум таксономиясы туралы білімімізді кеңейтуге көп материалдар берілді.Күнделікті тапсырмалар практикамен тығыз байланысты өте қызық болып жатыр.Топтық,жұптық жұмыс жүргізіліп, тәжірибемен әріптестермен бөлісудеміз. Алда сынақ күтіп тұр.Сол кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары биіктерден көрінейік,ұстаздар!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  

Исина Гүлназ Рысбайқызы

Просмотров: 410


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст