«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті № 1 орта мектеп оқушыларының ата-аналары!

02.10.2020

Сіздердің көпшілігіңіз күн сайын балаларды сабақ басталар алдында жеке автокөліктермен алып келесіздер. Жақында ғана әр таң сайын жұмыс күндері  мектеп маңайында әртүрлі көліктердің көп жиналуын,  мектепке келетін  барлық жолдардың жабылуы   және жол ережелерін бұзуға тйым салынуына  қарамастан, балаңызды мүмкіндігінше жақындатуға тырысқан жағдайлар орын алған еді. Осылайша, құрметті ата-аналар, сіздер, ең алдымен, жаяу жүргіншілер үшін қауіпті жағдайлар жасадыңыз. Педагогтарға, оқушыларға және ата-аналарға  көп шоғырланған автомобильдер арасынан жол іздеуге  тура келген болатын.

Қозғалыстың барлық қатысушыларының қауіпсіздігі мақсатында, сондай-ақ мектепке кедергісіз кіру үшін іргелес учаскеде авто  тұрақ  белгілеу туралы шешім қабылданды. Қала әкімшілігінің көмегі  арқасында учаске асфальтталды және периметр бойымен қоршалды. Автотұрақ жағынан қосымша кіру есігі қайта жаңартылды. Осыған байланысты әкімшілік пен педагогикалық ұжым оқушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ата-аналардан мектеп тұрағында қозғалыс ережелерін сақтауды сұрайды.

Құрметті ата-аналар, мектепке барған кезде жылдамдықты азайтып, балаларыңыз үшін ғана емес, сонымен қатар қозғалыстың басқа қатысушылары үшін де жауапты болыңыз. Маңайды ластамаңыздар, көліктеріңіздің ашық терезелеріне ұсақ қоқыс пен пластикалық бөтелкелерді тастамаңыздер! Сіздің мектеп мүлкіне деген ұқыпты қарауыңыз ғана біздің ортақ күш-жігерімізді сақтаудың кепілі, сондай-ақ өскелең ұрпақ үшін көрнекі үлгі болады. Тек бірлесіп қана біз балаларымызға  лайықты болашақ сыйлап,  қауіпсіз ортада өсіре аламыз! Біз Сіздің түсіністікпен қарап, қолдау көрстетініңізге  сенімдіміз!

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст