Әскери тәртіп барлық әскери қызметшілердің заңдарда, әскери жарғыларда және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен қағидаларды қатаң әрі дәл сақтауы болып табылады.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің әскери борышын және өз Отанын қорғаудағы жеке жауапкершілігін, оның өз халқына деген шексіз адалдығын сезінуіне негізделеді. Әскери қызметшілерді жоғары тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі-сендіру. Алайда, сендіру өзінің әскери борышын адал орындамаған адамдарға мәжбүрлеу шараларын қолдануды жоққа шығармайды.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні: — әскери антқа адал болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға; — өзінің әскери борышын шебер әрі батыл орындауға, әскери істі адал зерделеуге, әскери және мемлекеттік мүлікті сақтауға; — әскери қызметтің қиындықтарына төтеп беруге, әскери борышты орындау үшін өз өмірін аямауға; — қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға; әскери жарғыларда айқындалған әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаларын қолдауға, әскери; - командирлерге (бастықтарға) және бір-біріне құрмет көрсету, әскери сәлемдесу және әскери сыпайылық ережелерін сақтау — - қоғамдық орындарда өзін абыроймен ұстау, өзіне жол бермеу және басқаларды лайықсыз қылықтардан ұстау, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға жәрдемдесу.
Жоғары әскери тәртіпке: — әскери қызметшілердің бойында жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу және командирлерге (бастықтарға) саналы түрде бағыну; — әрбір әскери қызметшінің өз міндеттері мен әскери жарғылардың талаптарын орындауы үшін жеке жауапкершілігі; — әскери бөлімде (бөлімшеде) ішкі тәртіпті сақтау, барлық әскери қызметшілердің күн тәртібін қатаң сақтау; — жауынгерлік даярлықты нақты ұйымдастыру және онымен жеке құрамды толық қамту арқылы қол жеткізіледі.; — командирлердің (бастықтардың) бағыныстыларға күнделікті талап қоюымен және олардың орындаушылығын бақылаумен, әскери қызметшілердің жеке қадір-қасиетін құрметтеумен және оларға үнемі қамқорлық жасаумен, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестірумен және дұрыс қолданумен; - әскери бөлімде (бөлімшеде) қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлар жасау арқылы қол жеткізіледі.
Тахабаев А.С.