Текст
23 қазан күні 2 "А"сыныбында" Қозғалыс ережелері құрметке лайық " тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: балалардың жол ережелері туралы білімдерін бекіту және оқушылар арасында жол жарақаттарының алдын алу. Сабақ басында балалар жол ережелері туралы мультфильм қарады. Содан кейін екінші сынып оқушылары қала көшелеріндегі қауіпсіз қозғалыс ережелерін қайталады; "Жаяу жүргінші" және "Бағдаршам"ойындарын ойнады. Сондай-ақ, мектеп пен үйге барған кезде көшеде кездесетін жол белгілері қайталанды. Сабақты бекіту кезінде қауіпсіздік бойынша тесттен өтіп, жақсы нәтижелер көрсетті. Балалар жолда, әсіресе, көктайғақ кезінде өте сақ болу қажеттілігі туралы қорытынды жасады.
С.Н.Писклова